Проектирование, поставка, монтаж и сервис систем вентиляции и кондиционирования

2019-2020 ж.ж. КҚК әзірлік паспортын алу рәсімдерін түсіндіру бойынша «Best Service Company» ЖШС-мен кеңес өткізілді

2019-2020 ж.ж. КҚК әзірлік паспортын алу рәсімдерін түсіндіру бойынша «Best Service Company» ЖШС-мен кеңес өткізілді

2019 жылдың 3 маусымында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіАтомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментімен (әрі қарай — Департамент) «Best Service Company» ЖШС-мен бірге «энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың 2019-2020 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу тәртібі туралы» кеңес өткізілді. Департамент басшысы С.С. Қалжановпен Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №281 бұйрығымен бекітілген «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет Стандарты түсіндірілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 301-бабына сәйкес «Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын алу мерзімін бұзғаны үшін, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғатыны» жайлы әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын «Best Service Company» ЖШС-нің назары аударылды.
Өткен кеңес қорытындысы бойынша «Best Service Company» ЖШС-не (қызмет алушы) 2019-2020 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу үшін Стандарт, Қағидалар талаптарын толықтай орындауды қамтамасыз ету ұсынылды.

Узнайте, сколько конкретно вы можете сэкономить с iclimat

Оставьте заявку на выезд специалиста, который произведет расчет и подготовит для вас смету



Гарантируем безопасность ваших данных

Звоните и узнайте больше

+7 (727) 310 1502

Офис в Алматы

Офис в Нур-Султане

Нур-Султан (Астана) +7 (727) 310 1502 +7 (776) 191 2721