«Бәсекеге қабілетті бизнес — бәсекеге қабілетті экономика» тақырыбы бойынша бизнес өкілдерімен кездесу туралы — IClimat

«Бәсекеге қабілетті бизнес — бәсекеге қабілетті экономика» тақырыбы бойынша бизнес өкілдерімен кездесу туралы

фото - «Бәсекеге қабілетті бизнес - бәсекеге қабілетті экономика» тақырыбы бойынша бизнес өкілдерімен кездесу туралы
О встрече с представителями бизнеса на тему: «Конкурентоспособный бизнес – конкурентоспособная экономика»24.12.2018
фото - «Бәсекеге қабілетті бизнес - бәсекеге қабілетті экономика» тақырыбы бойынша бизнес өкілдерімен кездесу туралы
Главой государства поставлена цель по вхождению Республики Казахстан в 30 конкурентоспособных стран мира. За Министерством энергетики Республики Казахстан закреплены работы по улучшению индикаторов «Подключение к системе электроснабжения» рейтинга Всемирного банка «DoingBusiness».24.12.2018

Елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің экономикалық саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады.

Бәсекеге қабілеттілік еліміздің орта мерзімді перспективада экономикалық өсудің жоғары және тұрақты қарқынына қол жеткізу қабілетін айқындайды.

Бизнестің бәсекеге қабілеттілігі кәсіпкерлік субъектілерінің сапалы тауарлар мен қызметтерді шығаруға және клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілеттілігімен анықталады. Бизнестің бәсекеге қабілеттілігі өндіріс процесі қалай ұйымдастырылғанына, қандай технологиялар пайдаланылуына, маркетинг процесі мен өнімді жылжытуға және персоналды басқару процесінің қалай құрылғанына байланысты.

2018 жылғы 16 тамызда Алматы қаласында бизнес-бәсекеге қабілеттілік мәселелерін талқылау мақсатында орталық мемлекеттік мекемелер, соның ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Алматы қаласының әкімдігімен бірге даму институттарымен бірлесе отырып, бизнес өкілдерімен «Бәсекеге қабілетті бизнес — бәсекеге қабілетті экономика» тақырыбымен бизнес-қауымдастық өкілдерінің, қаржы институттарының және даму институттарының, орталық және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен өтті.

Кездесу жиынында қазақстандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін халықаралық рейтингтерде, оның ішінде электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу және оның сапасы туралы көрсеткіштер талқыланды.

Жиналыс барысында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтын департаментімен  электрмен жабдықтау жүйесін оңайлату және электр энергиясының сапасын арттыру жөнінде қабылданған шаралар туралы ақпараты беріліп, сондай-ақ бизнес өкілдерінің сұрақтары мен ұсыныстары назарға алынды. Кездесудің қорытындысы бойынша отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірленетін болады. Бизнес өкілдерімен кездесу Алматы қаласының әкімдігінде өтті.

log